423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда жаңа антирекорд тіркелді

  • 71
Германияда жаңа антирекорд тіркелді

Германияда пандемия басталғалы бері болмаған антирекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәулікте елде 23 542 адам коронавирус жұқтырған. Айта кетейік, қазір Германияда локдаун режимі енгізілген. Осыған байланысты мейрамханалар, фитнес орталықтары, мұражайлар мен кинотеатрлар жабық тұр.

Бірақ соған қарамастан, вирус жұқтыру деректері артып жатқан көрінеді. Оның ішінде қарттар үйі мен мектептерде де бар. Ал зертханалар адамдарды тестіден өткізіп үлгермей жатыр. Осыған байланысты Бремен қаласындағы мекемелер коронавируспен ауырған науқастармен тікелей байланыста болған азаматтарды тексеруді тоқтатқан.

Тест тек денсаулығы нашарлаған тұрғындарға ғана тағайындалуда. Мұндай шара зертханаларға түскен жүктемені азайту үшін жасалып отыр екен. Айта кетейік, Германия билігі елдегі науқастардың артуына қарамастан, әлі де Бельгия мен Франциядан келген науқастарды қабылдап жатыр.

Ханс Вайгельд, «Bethel Berlin» клиникасының бас дәрігері:

– Қазір коронавируспен ауыратын науқастарға арналған бөлімшеде төсек-орын жоқтың қасы. Бірақ біз бұған дайындалдық. Алдағы уақытта науқастар көбейер болса, дереу қосымша бөлім ашамыз.  Жалпы қазір коронавирусқа қатысты көрсеткіш өте жоғары болып тұр. Дегенмен, індеттің шарықтау шегіне әлі жете қоймадық. Себебі содан кейінгі 10-15 күнде жағдайы ауыр науқастар өте көп болады. Бірақ біз оған төтеп бере алатынымызға сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы