423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мобильді топтар карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда

  • 98
Мобильді топтар карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда astana.gov.kz

Елордада полиция қызметкерлері, еріктілер және әкімдік өкілдерінің сауда орталықтарына, дүкендерге және басқа да адам көп жиналатын жерлерге рейдтері жалғасуда.

Іс-шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында өткізіледі. Бірқатар мекемекарантиннің күшейтілгендігіне қарамастан, талаптарды елемей келеді.

Сонымен 12 қараша күні сағат 23:50-де мобильді топ кестені бұзып жұмыс істеп жатқан Respawn ойын клубын анықтады. Мекемеде 24 адам болған. Осындай заңбұзушылық 13 қарашада сағат 01:20-да «Кентау» дүкенінде тіркелді.

Кәсіп иелеріне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдауға жіберілді.

Жалпы алғанда 11 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 1981 материал келіп түскен. Жалпы сомасы 184 370 856 теңгеге 905 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда 717 әкімшілік айыппұл жалпы сомасы 146 574 535 теңгеге төленді.

 

Хабар 24 телеарнасы