ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: «Елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы тіркелді», – деп хабарлайды.
Қауіпті вирустан бір науқас қайтыс болған. Ал өткен тәулікте 69 науқас коронавирустан жазылып шықты.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 191 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқас аса қатты ауыр халде деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – деп мәлімдеді министрлік мамандары.