423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында карантинге байланысты қаулыға толықтырулар енгізілді

  • 112
  • UPD: 11:50, 14.11.2020
Павлодар облысында карантинге байланысты қаулыға толықтырулар енгізілді

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің қаулысына сәйкес қаладағы тосқауыл бекеттер жолаушыларды pvlinfo.kz сайты арқылы тексеріп өткізе бастады.

Бұған дейін жүргіншілер жұмыс орнынан алған анықтамалар арқылы өткізіп келген болатын.

«Шектеулі карантиндік шаралар туралы» қаулыға енгізілген өзгерістерге сәйкес қаладағы азық-түлік дүкендердің жұмыс уақыты өзгерді. Яғни әлгі нысандар таңғы 08:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы