425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

  • 276
  • UPD: 13:39, 14.11.2020
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Елордадағы сауда үйлерінің бірінде бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағыдан арзан бағада ұсынылды.

Мәселен, ірі қара еті 1700 бастап, ал картоптың келісі 110, пияз бен қырыққабат 80 теңгеден саудаланды. Аталған орталықта алғаш рет өткізілген шараға тауар өндірушілер шақыртылған. Олар өз өнімін делдалсыз тікелей тұтынушыға сатуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар саудагерлерге де жеңілдік жасалған. Жәрмеңке қалалық әкімдік пен сауда орталығы арасындағы мемарандум аясында ұйымдастырылды. Оған жалпы салмағы 500 тоннадан асатын азық-түлік әкелінген. Қала тұрғындары арасында негізінен етке деген сұраныс жоғары болды.  Мұндай бастама енді әр сенбі жексенбі күндері тұрақты түрде өткізіледі.

Бақыт Ақатова, қала тұрғыны;

– Ет өнімдері мен жемістер алдық. Бірінші рет келдім. Өте жақсы ұйымдастырылған.

Айтуған Күзербаев, сауда орталығының бөлім басшысы:

– Тауар өндірушілермен кездесіп, сөйлесіп, келісімге келіп, олармен төмен бағаға келісім жасадық.  Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері өтеді. Осы заттар арзан сатылуы үшін  біз ақша алмаймыз. 

Хабар 24 телеарнасы