420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында карантин мерзімі ұзартылды

  • 137
  • UPD: 18:18, 14.11.2020

Ақтөбе облысында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері қаулысында жариялады.

Жергілікті мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде тек кезекші топтар сабақ оқиды. Оқушылар мен мұғалімдер міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет. Отбасылық, бұқаралық жиындарды және бейбіт шерулерді өткізуге болмайды. Жексенбі және мерекелік күндері сауда мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Тек дәріханалар мен супермаркеттердің қызметі жалғаса береді. Ақтөбе облысы қазір вирустың таралу қатері бойынша қауіптіліктің «жасыл» деңгейінде орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы