423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

  • 215
  • UPD: 19:06, 14.11.2020
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райы бұзылған кезде жол қозғалысының барлық қатысушылары барынша сақ болуы қажет. Қыс мезгілінде болатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамау болып табылады.

Қыс кезінде жүргізушілер жолда барынша сақ болып, дөңгелектерін уақытылы ауыстыруы тиіс.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары бірқатар өңірлердің тұрғындарына алыс жолдарға автокөлікпен шығудан бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы смс-хабарламаларда көрсетілген ұсыныстарды орындауды талап етеді.

Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді, түнде бұл өңірлерде -10 градус аяз, кейбір жерлерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жолда жаяу жүргіншілерді көрген кезде ерекше сақ болуға шақырады.

Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады.

Биылғы жылдың қараша айынан бастап республика аумағында 352 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 80 адам қаза тауып, 395 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Хабар 24 телеарнасы