422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 191 адамның жағдайы ауыр

  • 107
  • UPD: 21:18, 14.11.2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 191 адамның жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Қауіпті вирустан бір науқас қайтыс болған. Ал 69 науқас коронавирустан жазылып шықты.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3001 науқас жатыр. 5626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 191 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқас өте ауыр халде. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – деп мәлімдеді министрлік мамандары.

Хабар 24 телеарнасы