424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте коммуналдық техниканың дайындығы тексерілді

  • 94
  • UPD: 22:16, 14.11.2020

Шымкентте коммуналдық техниканың қысқа дайындығы тексерілді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жол тазалаумен айналысатын мекемелердің есебін тыңдап, әр аумаққа жауаптыларды белгіледі. Биыл оларға артылатын жүк аз емес.

Шаһар басшысының айтуынша, қыс мезгілінде арнайы техникалар тоқтаусыз жұмыс істеп, тұрғындардың қозғалысына ыңғайсыздық тудырмауы тиіс. 

Әкімдік алдында барлық техника сап түзеді. Көліктер айнадай етіп жуылған, дөңгелектері жаңасына ауыстырылған. Биыл техникалық жағдайын да әжептәуір жетілдірдік, дейді мамандар. Бес коммуналдық қызмет ұйымы алдағы қысқа әзірлігін таныстырды. 

Бекзат Байсақалов, «Жасыл жер» ЖШС филиалының директоры:

- Бұл коммуналдық көліктер көп функциялы. Жазда жол жууға пайдалансақ, қыста мұз қатқан аумақтарға инертті материалдар себеміз. Сонымен бірге жаяу жолдарды тазалайтын екі сорғы бар. 

Автопарк те биыл жаңартылды. Жол мен көшелерді тазартуға 210 техника жұмылдырылады. Қызметкерлер штаты да толық жасақталды. Коммуналдық қызмет ұйымдардың қысқа дайындығын қала басшысы бағалады.  

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Техниканың бәрін көрдік. Биылғы жылға 30-40 процентке жаңартылған. Жаңа мекеме келіп тұр. Өзінде бәрі жаңа техника. Сол себептен басқа бағытта тазалау жұмыстарын қадағалау керек. 

Құтқарушылар да қысқа сақадай сай. Оларда кез келген жолды бағындыратын көліктер бар. Ауа райының қандай мезгілі де құтқарушыларға оңайға соқпайтыны белгілі. 

Жәнібек Кәрімбаев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Арнайы техника тек қана қар тазалау үшін арналған. Техниканы өздеріңіз көргендей жаңа техника да осы жылы сатып алынған бес ұйымның өкілдерімен. Қазіргі сәтте тұрған орнында оталдырып, қозғалып қазір бағытқа жіберсеңіз қар тазалауға дайын техникалар. 

Шымкент алдағы қыс маусымына дайын, дейді мамандар. Жылдың бұл мезгілі биыл қарлы болмаса да көктайғақтан ешкім сақтандырылмаған. Осы ретте 5 мың тонна тұз және 17 мың текше метрден астам құм дайындалған. Қажет болған жағдайда қор міндетті түрде толтырылады.

Авторлар: Данияр Сұлтанұлы, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы