424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға 100 жол жүру билеті берілді

  • 96
  • UPD: 09:50, 15.11.2020
Өскеменде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға 100 жол жүру билеті берілді

Қаржылық қиындыққа тап болған, сондай-ақ жақында темір тордан босап шыққан адамдар қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай қайырымдылық қоғамдық қор еріктілерінің шешімі негізінде қолға алынған. Басты мақсат – бостандыққа шыққандарға жаңа өмір бастауға көмектесу. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысынан келген сотталғандарға бес мыңнан астам әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген.

Ернар Ильяшев, қылмыстық атқару жүйесі департаменті пқбб бастығының орынбасары:

– Бүгін біз «Антареса» қоғамдық қорымен бірге тегін жол жүру акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл акция Өскемен қаласында өтіп жатыр. Оған сол жағалау, Үлбі ауданы мен Өскемен қалалық пробация қызметінде тіркеуде тұрған, қоғамнан оқшауланумен байланысты емес сотталғандар қараша айында жол жүру билеттерін алып жатыр. Барлығы 100 жол жүру билеті өмірлік қиын жағдайда болған сотталғандарға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы