424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирусқа қарсы вакцина «Covuity» деп аталуы мүмкін

  • 70
  • UPD: 17:01, 15.11.2020
Коронавирусқа қарсы вакцина «Covuity» деп аталуы мүмкін

Американдық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі Biontech-тің коронавирусқа қарсы вакцинасы «Covuity» деп аталуы мүмкін.

Бұл туралы британдық The Daily Telegraph газеті хабарлады. Ол компаниялардың Еуропалық Одақ пен АҚШ-та тауарлық белгіні тіркеуге өтініштерін зерттеді.

Осылайша бұл препарат «адамдарға қолдануға арналған вакцина» ретінде сипатталатын Covuity атауына өтінім 30 мамырда ЕО-ның құзыретті органдарына берілді. Реттеуші бұл өтінішті қараша айының басында мақұлдады. Сонымен қатар тауар таңбасын тіркеуге өтініш Америка Құрама Штаттарында 1 маусымда берілді, бірақ ол рұқсатнама әлі алынған жоқ. Pfizer және Biontech «covuity.com» домендік атауын тіркегені аталды.

Хабар 24 телеарнасы