425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік инвесторлар 200 млн теңгеге медициналық жабдық алып берді

  • 80
  • UPD: 15:26, 16.11.2020
Шетелдік инвесторлар 200 млн теңгеге медициналық жабдық алып берді

Пандемия кезінде шетелдік инвесторлар 200 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алып берді. Бұл көмек елордадағы инфекциялық ауруханалар мен стационарларға берілген.

Ірі супермаркеттер мұқтаж отбасыларына азық-түлік таратса, мейрамханалар дәрігерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Атыраудағы мұнай компаниясы арнайы қорға 250 мың қорап дәрі-дәрмек алған. Одан бөлек 400 мың дана қорғаныш құралын берген. Сондай-ақ шетелден эпидемиолог дәрігерлер алдырту үшін қаржылай көмек көрсеткен. 2 мың отбасына гуманитарлық көмек жеткізіп берген. Ал халықаралық банктер шағын және орта бизнесті дамытуға инвестиция құйған. Тек Азия даму банкінің өзі заем ретінде 1 млрд доллар қаржы бөлген. Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамы арқылы 130 млн теңгенің көмегі көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы