420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада үш күн ішінде 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

  • 89
  • UPD: 14:05, 16.11.2020
Елордада үш күн ішінде 100 мың текше метрден астам қар шығарылды astana.gov.kz

15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні коммуналдық қызмет 20 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаланы тазарту жұмыстары екі ауысымда жүргізілді: кешкі және түнгі уақытта. 13-15 қараша аралығында елордада 100 мың текше метрден астам қар шығарылды.

16 қарашада қаланы тазалау жұмыстарына мыңнан астам арнайы техника және екі мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін қозғалыс өте көп жерлер тазартылады. Одан әрі орташа қозғалыс учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады. Жаяу жүргіншілер бөлігі мен әлеуметтік нысандар аумақтарын тазартуға ерекше көңіл бөлінеді.

Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді, ол қар жауа бастағаннан себіледі. Бірінші кезекте, көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері – өр және еңіс жолдар, көпірлер, эстакадалар, тоннельдер, көше қиылыстарындағы және қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдары өңделеді. Егер бірінші цикл аяқталғаннан кейін қар жауа берсе, қажетті жұмыстар қайталана береді.

Бұған дейін хабарланғандай, қар қаланың барлық аудандарында орналасқан 11 полигонға шығарылды. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылауға арналған фото-және бейнекамералар орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы