424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы 802 елді мекен 99,8% табиғи газбен қамтамасыз етіледі

  • 77
  • UPD: 14:51, 16.11.2020
Түркістан облысындағы 802 елді мекен 99,8% табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Биыл Түркістан облысында 43 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14 млрд теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен 20 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады.

Нәтижесінде 423 елді мекен немесе 1 млн 275 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Түркістанда өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандарындағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн халық 99,8% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 56 нысанның құрылысына 18,9 млрд теңге қарастырылып, қамту деңгейі 82,7% құрайды. Соның ішінде 35 нысан биыл пайдалануға беріледі.

Ақпарат көзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы