422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хромтаудағы жарылыстан зардап шеккен екі азамат облыс орталығына жеткізіледі

  • 64
  • UPD: 15:11, 16.11.2020
Хромтаудағы жарылыстан зардап шеккен екі азамат облыс орталығына жеткізіледі

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында болған жарылыста зардап шеккен екі азамат облыс орталығына жеткізілетін болды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше түс ауа Хромтау қаласындағы үйлердің бірінде өрт шығып, жарылыс болған. 5 адам  ауруханаға жатқызылды. Әсіресе 57 жастағы ер азамат пен кәмілетке толмаған қыз бала қатты күйіп қалған еді. Қазір олар аудандық аурухананың реанимация бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша жағдайлары ауыр. Осыған орай аудандағы әріптестеріне көмекке облыс орталығынан 4 білік маман аттанды. 

Рүстем Исаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 10 жасар бала бар. Енді жарақат алғаны денесінде, аяқ қолдарында күйік орындары бар. 35-45 процент. Ең үлкені 63 жылғы азамат, сол Хромтаудың тұрғыны 80 процентке дейін күйік орындары.

Хабар 24 телеарнасы