423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы коронавирустың кезекті толқынына дайындалып жатыр

  • 64
  • UPD: 15:40, 16.11.2020

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатыр. Бұл туралы бүгін өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев брифингтен мәлімдеді.

Шөкеевтің хабарлауынша, індетпен күреске 2,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен халықты дәрі-дәрмек және қорғаныс құралдарымен қамту көзделген. Өңірде бірнеше жаңа зертхана ашылды. Олар күніне 2 мыңға жуық тест жасайды. Сонымен қатар облыс басшылығы 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алды. Енді жедел жәрдем қызметін 122 автокөлікпен қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы өңірде 3430 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 46 науқас көз жұмған. 

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Дәрі-дәрмек қоры құрылды. 2 айлық қор түгелмен бар деуге болады. Жалпы облыста 557 дәріхана болса, оның 238-імен нақты меморандум түзілді. Екінші толқын басталатын болса, қордан белгіленген бағамен жеке сектор арқылы сататын боламыз. Төсектермен толықтай қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Медициналық ұйымдар бар. Оттегімен қамтамасыз ететін аппараттар 337-ге жетті.

Хабар 24 телеарнасы