424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында көмірге сұраныс төмендеген

  • 112
Қызылорда облысында көмірге сұраныс төмендеген

Қызылорда облысында жыл санап қатты отынға деген сұраныс азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Газдандыру жұмыстарының қарқынды жүруіне байланысты 5 жыл бұрын 50 мың тонна көмір жағылатын Қазалыда тұтыным көлемі 2 есеге қысқарғаны байқалады. Аудан орталығындағы 8 мыңнан аса абонент пен 31 әлеуметтік нысанның 80 проценті газ желісіне қосылып үлгерген. Ал әлі де пешін көмірмен жағатын тұрғындарға қатты отын әкімдік пен кәсіпкерлер арасындағы бекітілген бағада сатылып жатыр.

Жасәділ Жеткербайұлы, аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Бес көмір сақтау-тарату қоймасында мың жарым тоннадан астам қатты отын бар. Ағаш көмір тоннасы 17 мың теңге, тас көмір тоннасы 13 мың 500 теңге еркін сатылымда. Тұтынушылар тарапынан көмірдің сапасына, бағасына немесе жетіспеушілігіне қатысты наразылықтар жоқ. Жылыту маусымын қалыпты жағдайда өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы