423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаудағы санитарлық бекеттерден 1 мыңға жуық көлік кері қайтарылды

  • 71
  • UPD: 19:49, 16.11.2020
Көкшетаудағы санитарлық бекеттерден 1 мыңға жуық көлік кері қайтарылды

Себебі олардың жүргізушілері мен жолаушыларында ПТР тест анықтамасы болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалаға кіре алмаған көліктердің басым бөлігі – жеңіл автомобильдер дейді мамандар. Жалпы 13 қарашадан бері санитарлық қосындарда бас-аяғы 88 мың техника және 126 мың адам тексерілген. Қуанарлығы, ешкімнен қауіпті вирус анықталмады.

Айта кетейік, өткен аптаның жұма күнінен бастап Көкшетауға кіру үшін өзге облыстың тұрғындарынан ПТР тестінің нәтижесі талап етіледі. Ал шаһар аумағында кешкі сағат 9-дан кейін адамның да, көліктің де жүруіне тыйым салынған. 

Серік Баймұқанов, облыстық жергілікті полиция басқармасының бастығы:

– Қалада сағат кешкі 9-дан кейін жүрген көліктер мен жаяу жүргіншілерге алғашқы күні ескерту жасалады. Бірақ жеке мәліметтерін арнайы базаға енгізіп қоямыз. Егер ол адам екінші рет ұсталса, оған айыппұл салынады. Түнде қалада 18 автопатруль жұмыс істеп жүр.

Хабар 24 телеарнасы