425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да құс тұмауына қатысты жағдай тұрақталды

  • 75
  • UPD: 19:49, 16.11.2020
СҚО-да құс тұмауына қатысты жағдай тұрақталды

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауынан 1,5 миллионнан астам қанатты қырылып қалды.

Бұл – өңірдегі жалпы құстың үштен бір бөлігі. Ветеринарлар қауіпті індет тек Уәлиханов ауданында ғана тіркелмегенін айтады. Осыған дейін 54 ауыл карантинге жабылған. Оның 34-нен шектеу шаралары алынды. Бүгінгі күні тағы тоғызының құжаттары рәсімделіп жатыр. Себебі эпизотиялық жағдай тұрақталды. Қыркүйек айы үшін тұрғындарға өтемақы толықтай төленді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 200 миллион теңгедей қаржы жұмсалды. Енді құстардың қазан айындағы орташа бағасы бекітілді. Жалпы айта кету қажет, облысқа республикалық қордан бөлінген 873 мың доза вакцина толығымен игерілген.

Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Тауықтардың бағасы 951 теңге, етті бағыттағылар 1358 теңге, күрке тауықтар 7657 теңге, үйректер 2806 теңге және қаздар 5431 теңгені құрады. Бұл бағалар қыркүйек айымен салыстырғанда біршама жоғары. Жалпы қазан айында жекеменшіктегі құс иелеріне 20 миллион теңге көлемінде қаражат төленуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы