423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар оң нәтиже бере бастады

  • 74
  • UPD: 21:32, 16.11.2020
ШҚО-да коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар оң нәтиже бере бастады

Қарашаның басынан бері бүгін алғаш рет өңірде ауруға шалдыққандардың тәуліктік көрсеткіші азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін күніне 250-ге жуық адам коронавирус жұқтырып келген еді. Тіпті бір апта бұрын бір тәулікте 350 дерек тіркелген. Енді жағдай ақырындап оңалып келеді, бұл әрине қабылданған карантиндік шешімдердің тиімділігін көрсетеді дейді мамандар. Оның үстіне өлкеде ПТР тест өткізу орындарының саны да көбеді. Осылайша тәулігіне 5-6 мың адам талдама тапсыруға мүмкіндік алды. Дегенмен облыс аумағында жағдай біркелкі емес. Мәселен, Алтай ауданында сырқаттанғандар саны өсе түскен. Қазір ауданға кіріп-шығуға шектеу қойылды.

Асқар Хорошаш, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

– Аймақта ауруға шалдыққандар Алтай ауданында азаймай тұр. Тіпті ауруханаға жатқан науқастар да көп. Өкінішке қарай өлім де тіркелді. Медицина қызметкерлері арасында да науқастанғандар бар. Сондықтан облыс әкімі жағдайды қарастыра келе, қатаң шаралар қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы