425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ел аманаты» сауалнамасының қорытындысы шықты

  • 68
«Ел аманаты» сауалнамасының қорытындысы шықты academy-gp.kz

Өзін өзі ақтай алмаған мемлекеттік бағдарламалар жойылып, орнына тиімдісін ұсынған жөн.

Әсіресе, шалғай ауылдардың әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған жобалар қажет. «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырған «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасында халық осындай ұсыныс айтқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел көтерген ең өзекті мәселелер – ауызсудың тапшылығы, жол сапасы, жұмыссыздық, көгілдір отын мен интернеттің жоқтығы. Сауалнамаға 212 мыңнан астам тұрғын қатысқан. 138 мың адам сауалдарға онлайн форматта жауап берген. Алыс ауылда тұратын 74 мың адам жауабын қағазға жазып тапсырған. Партия төрағасының орынбасары Төлеутай Рақымбековтың айтуынша, ауыл халқы жердің тағдырына алаңдайды. Ал шағын және орта бизнес өкілдері жеңілдетілген несие мен субсидия мәселесін көтерген. Сырттан көшіп келген қандастарымыз азаматтық алу рәсімін оңтайландыруды сұрайды. Жалпы, ауылдықтар ауыл бюджетіне түсетін кіріс көлемін ұлғайту керектігін ерекше айтыпты.

Төлеутай Рақымбеков, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары:

– Ипотеканы төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда тұрғын үйді кейін сатып алуды қарастыры отырып, жалға беретін тұрғын үй санатына ауыстыру. Бесіншісі, 2448 респондент жастар үшін жұмыс орындарын ашуды, оның ішінде, зейнеткерлік жасты төмендету арқылы, оны көбейтуді ұсынды. Алтыншы, пандемияға байланысты жұмысы толық немесе ішнара тоқтатқан кәсіпкерлерге 2 жылға дейін демалыс беру туралы 2145 респондент ұсыныс жасады.

Хабар 24 телеарнасы