423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолы уақытша жабылды

  • 85
Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолы уақытша жабылды

Өткен сенбіде 4-шағын аудандағы төбешіктен үлкен тас опырылып, төмендегі ағаш өткелге түскен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнгі уақытта көпірдің қираған сәті жақын маңдағы бейнебақылау құрылғысына жазылып қалған. Абырой болғанда, сол сәтте өткел үстінде адам болмаған. Жексенбіде қала әкімдігінен арнайы жұмыс тобы құрылып, нысанның бүлінген жері қоршалды. Сол жердегі дыбыс құралдары арқылы көпшілікке сүрлеудің қазір жабық екені үздіксіз хабарланып жатыр.

Серік Гусман, қала әкімінің орынбасары:

– Негізгі баланс иесі – «Маңғыстау құрылыс инвест» компаниясы, құрылыс басқармасына қарасты. Сол мекемеге бұзылған жерді жөндеу, қалпына келтіру және де уақытша жабу жұмыстары бойынша әкімшілік тарапынан хат жолданды. Алдағы уақытта баланс иесі нысанды сараптамаға тапсыруы керек. Сейсмогеологиялық сараптамадан өтіп, қорытындысына қарай оның тағдыры шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы