423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Nova Сity компаниясы «комфорт» және «эконом» кластағы үйлерді салуды бастайды

  • 74
  • UPD: 09:50, 17.11.2020

Nova city тұрғын үй құрылысындағы қарқынын күшейтті. «Стандарт» кластағы үйлері арқылы көптің көңілінен шыққан компания алдағы уақытта «комфорт» және «эконом» кластағы баспаналар сала бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашында «Otau group», кейін Nova Сity боп өзгерген компанияның құрылғанына – небәрі 4 жыл. Осы уақыт аралығында ұжым елордада жалпы ауданы 200 мың шаршы метр тұрғын үй салды. Ең ауқымдысы – Nova City және Sezim Qalа тұрғын үй кешендері. Стандарт кластағы екі үй де сәтті шықққан. Енді құрылыс компаниясы «комфорт» және «эконом» кластағы үйлерді салуды бастайды. Алғашқысы – «Ару қала» тұрғын үй кешені.

Талғат Зарлықов, Nova City компаниясының бас инженері:

– Бұл тұрғын үй кешені 283 пәтерден тұрады. 9 қабаттан тұрады. Жалпы материалдары бойынша, бұл тұрғын үй кірпіштен салынады. Астында көлік қою тұрағы, заманауи ойын алаңдары болады. Балалардың барлығы қорғауда болады. Себебі бейнебақылау өте жоғары деңгейде. Бұл тұрғын үй кешенінің қасбетінің ерекшелігі – қазақтың ою-өрнегі болып саналады.

Nova Сity алдағы үш-төрт жылда 100 гектар жерге құрылыс жүргізуді жоспарлап отыр. Солардың ең ауқымдысы «Қайнар» тұрғын кешені болмақ.

Андрей Гуцал, Nova City компаниясынң директоры:

– Көктемде дәл қазір біз тұрған жерде алғашқы кезектегі үйдің іргетасы қаланады. Ол құрамалы монолит технологиясы бойынша салынады. Бұл – жаңа тәсіл. Монолиттерді өзіміздің зауыттарда жасаймыз. Сондықтан сапасына күмән жоқ. 

Алдағы уақытта компания тұрғын үйді дайын бөлме блоктан салуды тәжірибеге енгізбек. Бұл технология елде модульдік инфекциялық орталықтар салу кезінде тиімділігін көрсетті. Бұдан өзге де тың технлогиялар қолданылады. Осылайша Nova Сity тұрғындарды жайлы пәтерлерімен қуантпақ. Сонда ғана бірге өсеміз дейді жас ұжым.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Жандос Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы