424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да құс тұмауына қатысты жағдай тұрақталды

  • 73
  • UPD: 09:29, 17.11.2020
СҚО-да құс тұмауына қатысты жағдай тұрақталды

СҚО-да құс тұмауынан 1,5 млн-нан астам қанатты қырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – өңірдегі жалпы құстың 1/3 бөлігі. Ветеринарлар қауіпті індет тек Уәлиханов ауданында ғана тіркелмегенін айтады. Осыған дейін 54 ауыл карантинге жабылған. Оның 34-інен шектеу шаралары алынды. Бүгінгі күні тағы тоғызының құжаттары рәсімделіп жатыр. Себебі эпизотиялық жағдай тұрақталды. Қыркүйек айы үшін тұрғындарға өтемақы толықтай төленді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 200 млн теңгедей қаржы жұмсалды. Енді құстардың қазан айындағы орташа бағасы бекітілді. Жалпы айта кету қажет, облысқа республикалық қордан бөлінген 873 мың доза вакцина толығымен игерілген.

Берік Әлжанов, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

– Тауықтардың бағасы – 951 тг, етті бағыттағылар 1358 теңге, күркетауықтар 7657 теңге, үйректер 2806 теңге және қаздар 5431 теңгені құрады. Бұл бағалар қыркүйек айымен салыстырғанда біршама жоғары. Жалпы қазан айында жеке меншіктегі құс иелеріне 20 млн теңге көлемінде қаражат төленуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы