422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді

  • 104
  • UPD: 09:13, 17.11.2020
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады primeminister.kz.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы