420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да өрт оқиғасы жиілеп кетті

  • 290
  • UPD: 13:46, 17.11.2020
ШҚО-да өрт оқиғасы жиілеп кетті

Шығыс Қазақстан облысында өрт оқиғасы жиілеп кетті.

Өңірде екі күннің ішінде 10 өрт оқиғасы тіркелді. Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі мен заңсыз бірнеше қару сақтаған шопан ұсталды. 34 жастағы малшының тұрағын тексеру кезінде 1,5 келіге жуық кептірілген марихуана табылды. Сонымен қатар аңшылыққа арналған 5 мылтық пен 56 оқ тәркіленді. Одан бөлек сирек кездесетін аңның денесі мен басы да шықты. Ол «Қызыл кітапқа» тіркелген қарақұйрық жануарын өзі атып алған болу мүмкін. Қазір Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ұсталған адам кінәсын толық мойындады.

Асқар Жұмабеков, облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы:

– Қазір аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін іс қозғалды. Бұл әрекеті үшін ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал заңсыз аң аулау әрекетіне қатысты 3 жылға дейін соттау қарастырылған.

 

Түркістан облысында браконьерлерге тосқауыл қойылды

Түркістан облысында бес экологиялық қылмыстың жолы кесілді. Жедел алдын алу шарасы кезінде заңсыз аң атып, балық аулағандар қолға түсті. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғындары «Қызыл кітапқа» енген қарабауыр бұлдырықты аулап, заң алдында жауапқа тартылды. Браконьерлерден осындай бірнеше құстың денесі мен 12-інші калибрлі мылтық тәркіленді. Ал Шардара ауданында су қоймасынан тыйым салынған аумен балық аулап жүрген екі балықшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардан 100 метрден астам ау, моторлы қайық және 126 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. Айта кету керек, жедел шара кезінде полицейлер 400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. 14 бірлік аңшы қаруы, үш моторлы қайық, борсық, бұлдырық, қоян сияқты аңдарды тәркілеген.

Нұрлан Тұмабаев, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– 416 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 71-і аң аулау ережесін бұзу бойынша. Сонымен қатар 108-і балық аулау және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу, 218-і аңшылық қаруларын сақтау, алып жүру ережелерін бұзу бойынша тіркелген. Барлық құқықбұзушылық тиісті хаттамаға толтырылып, іс бойынша 4,5 млн астам айыппұл салынды.

 

Жамбыл облысы көктайғақта көлік апатқа ұшырады

Жамбыл облысында көлік апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды. Тағы 5 адам құтқарылды. Оның біреуі – бала. Оқиға Алматы – Ташкент бағытындағы жолда болған. Көктайғақ салдарынан көлік жол шетіне шығып, аударылып кетті. Ішінде болған жолаушылар қысылып қалған. Апат болған жерге құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жетіп оларды алып шықты. Ал бір ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы