424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында қосымша шектеулер енгізілді

  • 52
  • UPD: 12:15, 17.11.2020
Қостанай облысында қосымша шектеулер енгізілді

Қостанай облысында жабық спорттық-сауықтыру нысандарының жұмысына тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс орындары мен шипажайлар да уақытша жабылады. Бүгін облыстық жедел штаб осындай қосымша шектеулер енгізді. Жаңа талапқа сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдің басында төрт адамнан артық отыруға болмайды. Ал жол бойындағы асханалар тек жеткізіп беру қызметін көрсетуі керек. Сондай-ақ облыс аумағына және Қостанай мен Рудный қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынып отыр.

«Осындай қатаң шараларға бармасақ, жағдай ушығып кетуі мүмкін», – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Қызыл аймаққа енгізілген өңірде соңғы тәулікте тағы 57 адамнан коронавирус анықталған.

Хабар 24 телеарнасы