423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі «Шаңырағың биік болсын» әлеуметтік жобасын қолға алды

  • 59
  • UPD: 13:41, 17.11.2020

Қызылорда қалалық «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі «Шаңырағың биік болсын» әлеуметтік жобасын қолға алып, оның аясында бірнеше іс-шараны жүзеге асырып келеді.

Аталмыш жоба отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас пен туындаған мәселелерді шешуге бағытталып отыр.

«Шаңырағың биік болсын» әлеуметтік жобасының мақсаты мен міндеттерімен арнайы сұхбатта жоба мүшесі Айман Айтбаева таныстырды. Сонымен қатар қыркүйек, қазан айларында болып өткен «Берекелі отбасын қалыптастыру», «Баланы бақытты етіп тәрбиелейтін ата-ана қандай болуы керек?», «Жастарды отбасылық өмірге дайындау – азаматтық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыптарындағы семинар-тренингтердің өту барысы мен нәтижесінен хабарлама жасады. Отбасылық дәстүрлер, балаларды тәрбиелеу туралы түсірілген видеороликтерге сараптама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жарияланған мақала, хабарлама, посттар туралы айтып өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы