«Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі мен «Рухани жаңғыру» орталығы әлеуметтік жоба шеңберінде түрлі тақырыптағы семинар-тренинг өткізіп тұрады.
Бұл жолы «Бақытты отбасын қалыптастыру» тақырыбында өтті. Оған 10 жас отбасы қатысты. Кездесу барысында жас отбасылар арасындағыс туындаған мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес алды.
Жалпы, семинар-тренингтің маңыздылығы жөнінде Қызылорда қалалық «Рухани жаңғыру» орталығының ғылыми әдістемелік сараптама бөлімінің меңгерушісі Әлима Әбдіхалықова әңгімелеп берді.