423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында қараша айында екі мың адам жарақат алған

  • 60
  • UPD: 16:06, 17.11.2020
Қарағанды облысында қараша айында екі мың адам жарақат алған

Күн райының қолайсыздығы салдарынан Қарағанды облысында бір тәулікте 420 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 217-сі – көшеде тайып жығылғандар. 60 адам қазір күндізгі стационарда жатыр. Қалғандарына шұғыл көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы берген ақпарат бойынша қараша айында 2 мың жаяу жүргінші адам жарақат алған. Мамандар көшеде көктайғақ кезде әсіресе егде тартқан адамдарға көшеге шықпауға кеңес береді. Себебі дәл осы топтағы адамдар арасында зардап шеккендердің көрсеткіші жоғары екен.

Ерік Шонбаев, облыстық Травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі:

– Жарақат алудың салдарынан сіңірі созылып, буындарына зақым келіп жатады. Аяқ, жамбас, тіпті иық сүйектері сынып кеткен жағдайлар көп. Қазір ем қабылдап жатқандардың көбі – егде тартқан адамдар. Себебі олардың сүйегі әлсіз келеді.

Хабар 24 телеарнасы