420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жарты айда бес жүз адамға коронавирус жұқты

  • 81
  • UPD: 17:15, 17.11.2020
Оралда жарты айда бес жүз адамға коронавирус жұқты

Батыс Қазақстан облысында қараша айының басынан бері 500 адам қатерлі індетке шалдығыпты. Тек осы соңғы тәулікте тағы 28 жағдай тіркеліп отыр.

Науқастардың дені облыс орталығының тұрғындары. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты көптеген мекеме-ұйымдардың қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Дегенмен, қаладағы жолаушы тасымалдайтын автобустар лық толы, екі аптаға жоспарланған локдауннан да нәтиже шамалы болып тұр екен. Әсіресе тығылып той-томалаққа барушылар азаяр емес. Соңғы екі аптада мониторингтік топ өкілдері санитарлық талаптарды бұзуға қатысты 80 әкімшілік хаттама толтырған. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар шекарадан өткен азаматтардан да анықталып отыр.

Нұрлыбек Мұстаев, ​облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары​:

- Облысымызда өздеріңізге мәлім, осы 6 қазаннан бастап мемлекеттік шекарадан өткен барлық азаматтардың барлығы ПТР анықтамасы болмаған жағдайда карантинге жатқызылып сынама алынатын болатын. 1 қарашадан бастап шекарадан 12 мыңға жуық азамат өткен болатын. Оның 224-інде егер де осы анықтамасы болмаған себебінен карантиндік стационарға жатқызылып, 4-уінде тест нәтижесі оң нәтиже көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы