423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда вирус жұққандар саны 38%-ке артты

  • 52
  • UPD: 17:16, 17.11.2020
Петропавлда вирус жұққандар саны 38%-ке артты

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал уақыт өткен сайын күрделеніп барады. Мәселен, соңғы бір аптада өңірде қауіпті індетке шалдыққандар саны 38 процентке артқан.

Облыс бүгінгі күні «қызыл аймаққа» кірді. Осыған байланысты инфекциялық стационарларда 955 төсек-орын әзірленді. Қазір 21 науқас өте ауыр халде. Олар жансақтау бөлімдерінде жатыр.

Мамандардың айтуынша, жағдайдың осыншалықты қиындауына қарапайым санитарлық талаптардың сақталмауы себеп болды. Өңірде екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Бұдан бөлек қосымша препараттарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 357 миллион теңге қаржы бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Президент коронавирустың жаңа дерегін жасырған өңірлерді атаған болатын. Бұл мәселеге қатысты жауаптылар кешенді тексеріс жүргізуді қолға алды. 

Әсет Жұматаев, қалалық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Солтүстік Қазақстан облысы жоғарыдай айтқандай 5107 жағдайдан артық тіркелді. Коронавирус инфекциясының көп тіркелуін байқап отырмыз. Ия, жаңағы статистикалық есептер бойынша көрсеткіштердің әртүрлі болуы байқалады. Осыған орай Президенттің тапсырмасы бойынша бізде статистикалық- медициналық факторларды дұрыстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы