420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде көшеге медицина қызметкерлерінің фотосы ілініп, есімдері жазылды

  • 70
  • UPD: 20:48, 17.11.2020
Өскеменде көшеге медицина қызметкерлерінің фотосы ілініп, есімдері жазылды

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткеліне қаладағы басты 4 ауруханада еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің суреттері ілініп, есімдері жазылды. Олар індет кезінде бел жазбай жұмыс істеген мамандар. Тек дәрігерлер ғана емес санитардан бастап, жедел жәрдем жүргізушілерінің де суреті осында тұр. 

Бұл жобаға «Қазақстан Волонтерлар лигасы» мен Өскемен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған. Әзірге мұнда 30-дан аса медицина қызметкерінің суреті ілінген. Ал аймақ дәрігерлері қазір де күндіз-түні  жұмыста. Өйткені шығыста соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Науқастарға қазір 1,5 мың медицина қызметкері ем-дом жасап жүр. Жалпы бұл өңірде бас-аяғы 1423 медицина маманы коронавирус жұқтырды. 

БЛИЦ:

-  Өте жақсы. Халық өзінің батырларын білуі керек. Мына жерде менің туысқаным тұр, ол да дәрігер. Мен өзім ауырып көрдім. Мына кісілердің еңбектері өте зор. Анандай ыстықта, анандай киіммен жүру қиын адамға. Еңбектерін бағалау керек. Қазір бұлар дәл қазіргі заманның батырлары деп білемін. 

Сырым Қайсарбеков, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

   Қазақстан Волонтерлер лигасы қоғамдық қорының Өскемен қаласындағы волонтерлері келіп көмек қолын созуды сұраған болатын. Біздің алғы шепте тұрып, осы пандемияға қарсы жұмыс істеп жатқан бейбіт күннің батырлары – дәрігерлерімізді әр қала тұрғыны тануы тиіс деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы