425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«i-Qala» жаңадан бес қызмет түрімен толықты

  • 78
  • UPD: 22:59, 17.11.2020

«i-Qala» тағы 5 қызмет түрімен толықты. Бұдан былай елорда тұрғындары аталған орталықта немесе ресми порталда «АстанаЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған жылумен қамтамасыз ету шартының мерзімін ұзарта алады. Бұл бірінші кезекте заңды тұлғаларға және тұрмыстық емес мақсатқа қатысты.

«iQala» порталындағы екінші жаңа қызмет түрін де «АстанаЭнергоСбыт» компаниясы ұсынады. Бұл электр қуатын тұрмыстық емес мақсатта қолданатын тұтынушылар үшін электрмен қамтамасыз ету шартының мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасасу.

Қуаныш Байзақов, «IQala» қалалық қызметтер орталығының маманы:

- «АстанаРЭК» АҚ қызметі, «Астана су Арнасының» 2 қызметі, «АстанаЭнергоСбыт» мекемесінің 2 қызметі. Негізі жеке тұлғалар көбірек болады. Өйткені көп кісілер үйлерді сатып алады. Қайта рәсімдеуге келеді осында бір жерде. Бұрынғыдай әрбір мекемеге бару қажеті жоқ.

«Астана-Аймақтық электржелілік компаниясы» ұсынған қызметте тұтынушы өтініші бойынша есепке алу жүйесін тексеру, есептеуіш құралдың көрсеткішін алу және пломбалау туралы арыздар қабылданады. Ал «Астана су арнасы» бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерінің қызмет көрсету межесін белгілеу, желілердің жағдайына жауапкершілік алу актісі беріледі.

Қуаныш Байзақов, «IQala» қалалық қызметтер орталығының маманы:

- iQala қалалық қызметтер орталығы былтыр маусым айында ресми ашылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің қолдауымен. Енді орталықта 137 қызмет көрсетіледі орталықта. Қазан айында жаңа бір қызмет қосылды. «Қазақтелеком» АҚ қызметі.

Былтыр «iQala» ашылғаннан бері елорда тұрғындарына 55 мың қызмет көрсетілген. Орталыққа орта есеппен күніне 150-200 адам келеді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында өз-өзіне қызмет көрсету аймағы пайда болды. Электрондық цифрлық қолтаңбаны да сол жерден алуға болады.

Айта кеткен жөн, жыл соңына дейін iQala порталына тағы 14 жаңа қызмет түрі қосылады.

Авторлар: Мирлан Алтынбек, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы