420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылданады

  • 81
  • UPD: 21:57, 17.11.2020
Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылданады

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң жобасы жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданды.

Атап айтсақ, биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР заң жобасын әзірлеуді оны Парламент Мәжілісіне енгізе отырып, ағымдағы сессияның соңына дейін ұсыну міндеттелді. Сонымен қатар әскери госпитальдардағы төсек қорын қажетті жағдайда жедел өрістетуге толық әзірлікті қамтамасыз ету тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы