422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда қоқиқаздарды видеоға түсірген авторға айыппұл салынбайтын болды

  • 102
  • UPD: 23:50, 17.11.2020
Ақтауда қоқиқаздарды видеоға түсірген авторға айыппұл салынбайтын болды

Қоқиқаздардың әдемі көрінісін көрсететін видеоны Қазақстан аумағында түсірген авторға айыппұл салынбайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, таяуда әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы аумағына ұшып келген қоқиқаздардың әдемі көрінісін көрсететін видео тарады. Кейіннен видео авторы Азамат Сәрсенбаевты «Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту әрекеті болғандығы туралы хабарланды.

Осы жайтты қарастыру кезінде А. Сәрсенбаевқа айыппұл салынбайтын болды. Видео авторымен профилактикалық шаралар жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы