423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдық ісмер майда моншақтардан 8 келілік дастархан тоқып шығарды

  • 76
  • UPD: 11:11, 18.11.2020

Людмила Скоробогатова оған бақандай 4 жылын жұмсаған.

Күні-түні сарп еткен сағаттардың нәтижесінде осындай қайталанбас туынды жарық көрді. Көздің жауын алатын жабындыға 100 мыңнан астам майда моншақ кеткен. Он саусағынан өнер тамған шебер оны атасынан қалған көне үстелге жайып қойды. Оның бұл ермегін күйеуі мен қызы қолдап көмектеседі.

Людмила Скоробогатова, қала тұрғыны:

- Кейбір адамдардың бұған жүйкесі шыдамайды. Ал мен одан ләззат аламын. Жаным тынышталады. Уайым-қайғы, проблема дегенді бір сәтке ұмытып, өз-өзіммен боламын. Бірақ көзім алыстан көрмей қалды.

Хабар 24 телеарнасы