423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы санитарлық бекеттерде кептеліс пайда болды

  • 82
  • UPD: 12:28, 18.11.2020

Шығыста жұқпалы індеттің ілмегіне ілінгендер әлі азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақта ауруға шалдыққандардың саны республикадағы орташа көрсеткіштен де асып кетті. Облыста бүгінде 22 санитралық бекет қойылғанмен нәтиже болмай тұр.

Олжас Керейхан, тілші:

– Шығыста індет індегеннің орнына күн санап ушығып барады. Екі апта бұрын санитарлық бекеттер қайта қойылып, тіпті қызыл аймақ енгізілген. Бірақ нәтиже болмай тұр. Эпидемологтардың айтуынша, қарапайым санитарлық талаптың сақталмауынан ауру өршіп тұр. Карантин ережесі күшейтіліп, аудан-қаланың кірер шығар жолдарындағы санитарлық бекеттерде әрі-бері өткен көліктердегі жолаушылардың қызуы өлшенеді. Бір көлікті тексеруге 2-3 минут кетеді. Сондықтан таңертең-кешке осы бекеттерде көліктер кептеліп, керуен түзіледі.

Жалпы облыстағы 22 бекеттен бүгінге дейін 15 мыңға жуық көлік өткен. Ал аймақта қазір індетке шалдыққан 696 адам ауруханда жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, тіпті 76 науқастың халі мүшкіл. Инфекцияға іліккендерге 1,5 мың медицина маманы ем дом жасап жүр. Олардың арасында 1423 маман вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы