424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы нөмірі 79 мектеп карантинге жабылды

  • 55
  • UPD: 12:17, 18.11.2020

Нұр-Сұлтан қаласында нөмірі 79 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім ордасындағы екі мұғалімнен коронавирус анықталған. Енді мектеп екі апта яғни 30 қарашаға дейін жұмыс істемейді. Кезекші сыныптарға келіп жүрген оқушылар білім алуды қашықтан жалғастырады. Ауру анықталған мұғалімдермен байланыста болған 19 әріптесі үй каранитініне жіберілген. Мектеп директорының айтуынша, барлығының жағдайы бір қалыпты. ПТР тест тапсыру арқылы коронавирусты жұқтырған, жұқтырмағаны анықталады.

Құралай Мұқышева, КММ №79 мектеп-лицей директоры:

– ПТР тест тапсырғанда белгілі болды. Байланыста болған 19 мұғалім карантинде, 2 аптадан кейін оқушылар қайта бұрынғы режимге оралады.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы елде 240-тан астам мұғалім, мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған. 302 оқушыда коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері байқалған. Бүгінгі таңда 452 бала емделіп жатыр. Мектеп оқушылары үшін жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылмайды.

Хабар 24 телеарнасы