423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда әуе қатынасы тоқтады

  • 59
  • UPD: 13:29, 18.11.2020
Көкшетауда әуе қатынасы тоқтады

Көкшетауда әуе қатынасы тоқтап, жолаушылар пойызы күнара жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық және қалааралық автобустар да жүрмейді. Аймақтағы шектеу шараларының бірі осындай. Мәселен, Көкшетауға күн сайын қатынайтын Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Петропавл, Қостанай-Қарағанды және Павлодар-Пресногорск бағытындағы пойыздар қазір тек күнара жүреді. Вокзал басшысының айтуынша, пандемия басталғалы бері жалпы жолаушылар ағыны 4 есеге азайған. Мәселен, бұрын Көкшетау вокзалынан тәулігіне 2 мың адам өтетін болса, қазір әрі кетсе күніне 500 адам ғана келіп-кететін болған. Дегенмен сақтық шараларын бәсеңдетуге болмайды дейді мамандар. Алайда пойызбен келген жолаушыдан ПТР анықтамасы талап етілмейді.

Роза Арыстанқызы, теміржол вокзалының басшысы:

– Инфекцияның алдын алу шаралары жүріп жатыр. вокзал Вғимаратына қолдарында билеті бар жолаушыларды ғана кіргіземіз. Кіреберісте дене қызуын өлшейміз. Кассаның алдында арақашықтық сақталады. Барлық жерде санитайзерлер орналасқан. Ғимаратты желдетеміз, күніне 4 рет 15 минуттан.

Хабар 24 телеарнасы