423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полиция киімін заңсыз пайдаланған алматылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • 68
  • UPD: 14:53, 18.11.2020
Полиция киімін заңсыз пайдаланған алматылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматылық азамат полиция қызметкерінің киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

Полиция киімін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырған.

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқықбұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы