422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері Жайық өзені проблемасын талқылайды

  • 65
  • UPD: 16:07, 18.11.2020
Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері Жайық өзені проблемасын талқылайды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар министрі Александр Козловты Жайық өзені проблемасын талқылауға шақырды.

Бұл туралы экология министрінің халықпен онлайн-кездесуі кезінде белгілі болды.

Қабылдау барысында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Алексей Свечников Жайық өзенінің тартылуы туралы сұрақ қойған еді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

«Өкінішке қарай, Батыс Қазақстан облысында экологиялық және су ресурстары проблемалары қазір өте өзекті. Онымен біз тұрақты түрде айналысып келеміз. Жайық өзенінің проблемасы бойынша кеше Ресейдің табиғи ресурстар министрі Александр Козловпен сөйлестім. Екеуміз осы мәселені талқылау үшін кездесуге келістік», - деп жауап берді Мағзұм Мырзағалиев.

Хабар 24 телеарнасы