425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сергек» камералары «қауіпті» көліктерді анықтайды

  • 107
  • UPD: 16:55, 18.11.2020
«Сергек» камералары «қауіпті» көліктерді анықтайды

Елордада иелері жүргізуші куәлігінен айырылған көліктердің нөмірлерін енді жүйе анықтайды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Телеграм арнасында жазды.

«Егер жолдағы камералар мұндай көліктерді анықтаса, олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі. Жүйенің мүмкіндіктері ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай мұндай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады», - деді Малика Бектұрова.

Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін 108 адамды жауапқа тартты.  Олардың тоғызы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Хабар 24 телеарнасы