422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да кен қазатын мердігерлер қорғаудағы жерлерді бүлдіріп жатыр

  • 137
ШҚО-да кен қазатын мердігерлер қорғаудағы жерлерді бүлдіріп жатыр

ШҚО-да кен қазатын мекемелер ерекше қорғаудағы жерлерді бүлдіріп жатыр.

Алтын өндіретін мекеме «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты Тау-Дала филиалының аумағындағы 20 гектарға жуық жерді қазып тастаған. Өрескел заңсыздықты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері анықтаған. Алтын іздеушілер тек орман алқабын ғана емес, Балқылдақ өзенінің жағасын да бүлдіріп, жерді асты-үстіне шығарған. Кесірінен жердің құнарлы қабаты бұзылған. Орманшылардың айтуынша, кен қазатын мекеме өз иеліктеріндегі жердің шекті белгісінен асып, ерекше қорғаудағы аймаққа іштеп еніп кеткен. Ал заң бойынша табиғи резерваттың аумағында қазба жұмыстарын жүргізуге мүлде тыйым салынған.

Дархан Ерсайын, облыстық Орман шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

– Есептеу барысында табиғатқа келтірілген зиянның мөлшері 2 млрд 600 млн сомаға шықты. Аталған факт бойынша қылмыстық істі қозғау үшін қажетті құжаттар жиналып құқық қорғау органдарына жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы