423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда Qazaq Oil жанармай құю станциясы ашылды

  • 99
  • UPD: 15:11, 19.11.2020

Елордада Qazaq Oil атауымен жаңа жанар-жағармай құю бекеті ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Станция Абылайхан көшесінің бойында тұр. Жаңа бекеттің бензині сапалы. Көрсетілетін қызметтері де жоғары деңгейде.

Qazaq Oil-дың бекеті алыстан көзге түседі. Станция заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда бензиннің үш түрі және дизель отыны сатылады. Ең бастысы, сапа жоғары.

Төлеміс Шотанов, Petroretail ЖШС бас директоры:

– Біздің жанармай бекетіне келген азаматтарға барынша жоғары деңгейде қызметтер көрсетіледі. Дүкен бар. Тамақтанып, кофе ішуге болады. Ал ең бастысы адамдар көлігіне еліміздегі ең сапалы бензинді құя алады. Жанармай бекеттерінің сырты ғана өзгертіліп қойған жоқ. Біз барлығын түгелдей жаңартып жатырмыз. Мысалы, неміс компаниясының жанармай тарататын заманауи бағанын қойдық. Бұл бағандар бензинді көлікке 1 миллиграмға дейін тура құяды.

Сапалы бензин ғана құйып қоймай, Qazaq Oil-да тамақтануға да болады. Бір сөзбен айтқанда, барлық жағдай жасалған.

Арман Оспанов, Petroretail ЖШС бас директорының стратегия және даму жөніндегі орынбасары:

– Qazaq Oil – халықтық жанармай құю желісі. Сондықтан бізде бензин сапалы әрі қолжетімді. Дүкендегі тауардың да, бензиннің де құны нарықта белгіленген межеден аспайды. Бұл – біздің стратегиямыз.

Жыл соңына дейін Qazaq Oil брендімен елде 26 жанармай бекеті ашылады. Келесі жылы тағы 100 шақтысы іске қосылады. Осылайша алдағы 3 жылда Qazaq Oil-дың жаңа 340-тай станциясы пайда болады.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы