422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда бір ықшам аудан жылусыз қалды

  • 83
  • UPD: 19:22, 18.11.2020
Атырауда бір ықшам аудан жылусыз қалды

Атырауда тұтас бір ықшам аудан жылусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықтан келетін құбыр жарылып, «Нұрсая-2» ықшам ауданындағы 7 көпқабатты үйдің тұрғындары бүгін түске дейін салқын пәтерді паналауға мәжбүр болды. Қыс айы басталмағанмен, мұнда бүгін таңертең термометр бағаны 13 градус аязды көрсетті. Абырой болғанда, қала билігі қыс қаһарына мінбей жатып сыр берген құбырдағы ақауды қалпына келтірдік деп хабар берді.

Назымгүл Қайсағалиева, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

– Сағат 13:30 шамасында ол үйлер жылуға қосылды. Ол жерде қалалық тұрғын үй бөлімі, тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсететін ПИК-тің қызметін атқарушы мекеме және жылу желілері мекемесінің қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарды. Қазіргі кезде жылу желісінде ақау жоқ. Қала бойынша да жағдай қалыпты. 1001 үй жылуды уақытылы алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы