423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда сапасыз жол қабылданбады

  • 114
  • UPD: 19:59, 18.11.2020
Оралда сапасыз жол қабылданбады

Жол сапасына оралдықтар да наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылысшылар Құсайынов көшесіне асфальтті асығыс төсей салған. Салдарынан тас бірікпей, шашылып жатыр. Жалпы осы бір шақырымнан астам жолды жөндеуге бюджеттен 106 млн теңге бөлінген. Алайда мердігер компания міндетіне салғырт қараған. Тексеріс барысында жолдың асты мүлде тегістелмегені анықталды. Әрі төменгі асфальт-бетон жамылғысы битуммен өңделмеген. Қарапайым техникалық талаптар сақталмағандықтан, жол қабылданбады. 

Зәуірбек Қыпшақбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» БҚОФ инженері:

– Жоғарғы қабат пен астыңғы қабаттың арасындағы байланыс өте әлсіз болады. Содан ақаулар пайда болады ертең. Мердігер – «Разак» ЖШС. Егер осы соңғы ескертуден қорытынды шықпайтын болса, уәкілетті органдарға шағымданатын боламыз. Тапсырыс жағынан ақшасын төлемеу немесе лицензиясынан айыру туралы шаралар қолданылуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы