424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктер ауызсуға зар болып отыр

  • 69
  • UPD: 20:30, 18.11.2020
Өскемендіктер ауызсуға зар болып отыр

Ауызсуға жарымай отырған өскемендіктердің шағымы жергілікті әкім-қараларды селт еткізер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайбасарлық пен жауапсыздық тұрғындарды әбден қажытты. Осыған дейін қала іргесіндегі Ахмер кентіндегі тіршілік нәріне зәру халықтың мұң-мұқтажын жеткізген едік.

Тұрғындарға ауызсу жазда берілуі керек болған. Одан кейін ол мерзім қазан айының басына шегерілді. Содан бері бір жарым ай уақыт өтсе де, ондағы жұрт әлі орталықтандырылған суға қосыла алмай отыр. Сөйтіп 500-ден астам отбасы биыл да бұл шаруа аяқсыз қала ма деп алаңдайды. Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының көңілі жай. Олардың айтуынша, 22 шақырым су магистралін, олар 6 учаскеге бөліп, су беруге әзірлеп жатыр-мыс. Қазір соның үшеуі дайын тұр. Ал қалғандарына әлі залалсыздандыру және зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша сағызша созылған жұмыс әлі де созылып жатыр.

Талант Асқаров, қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы:

– 12 км қосылып қойған суға 4 км хлорланып жатыр. Дезинфекциядан кейін оны жақын арада қосамыз. Толық алты бөлімді осы айдың аяғына дейін аяқтаймыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы