424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысы жасыл аумаққа өтті

  • 84
  • UPD: 20:30, 18.11.2020
Ақмола облысы жасыл аумаққа өтті

Ақмола облысы инфекцияның қауіптілігі жөнінен сары аумақтан жасыл аумаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни жағдай тұрақталған. Десе де Көкшетау қаласында эпидемиологиялық ахуал әлі де қиын. Себебі осы айда тіркелген 871 жағдайдың жартысынан астамы облыс орталығына тиесілі.

«Сол себепті шаһарда бұған дейін енгізілген шектеу шаралары әлі де сақталады», – дейді аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Дегенмен бизнес өкілдерінің өтініші бойынша сауда-саттық және қызмет көрсету нысандарының кестесі жұмыс күндері 1,5 сағатқа ұзартылған. Яғни олар енді қазіргідей 19:00-ге дейін ғана емес, кешкі 20:30-ға дейін ашық болады. Сондай-ақ көпшілік тамақтану орындарына сенбі күні де жұмыс істеуге рұқсат. Ал жексенбі күні жеткізу қызметін ғана ұсына алады. Қалаға кіреберістегі санитарлық бекеттер жағдай тұрақталғанша өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өтініші бойынша Көкшетауға сырттан азық-түлік тауарларын таситын көлік жүргізушілеріне ПТР тестін айына бір рет қана өтуге рұқсат беріп отырмыз. Себебі олар қалаға жиі кіріп-шығады. Қаулыға енген осындай өзгерістер 18 қараша сағат 21:00-ден бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы