420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда заманауи реанимобильдер дәрігерлер жұмысын жеңілдетті

  • 118
  • UPD: 15:24, 19.11.2020

Әлемдік деңгейдегі құралдармен жабдықталған жедел жәрдем көлігі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді.

Аталған пунктті «Astana Motors» компаниясы реанимобиль өндірісі кезінде басты мақсат етіп алған. Қазақстандық дәрігерлердің жаңа мүмкіндіктері туралы Гүлзия Нақыпқызы айтады.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Astana Motors» еліміз бойынша 341 «Hyundai H350 Ambulance» реанимобилін жасап шығарды. Компания жедел жәрдем машиналарын жинап қана қоймай, оларды жоғары сапалы жабдықтармен жабдықтайды және дәрігерлерге арналған тренингтер ұйымдастырады.

Евгений Меренков, анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

– Желдету режимін басқанда науқас қандай тыныс алу көлемімен желдетілуі керек екені көрсетіледі.

Реанимобильдердегі жабдық әмбебап. Дәрігер ауруханаға барар жолда салмағы 500 гр болатын жаңа туған нәрестені желдеткішке қоса алады.

Аслы Жаббарова, 11-қосалқы станция фельдшері:

– Бұл құрылғымен науқасқа дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Ауруханаға жетер жолда реанимациялық көмектің барлығын көрсете аламыз.

Евгений Меренков:

– Пациенттің жағдайы нашарлаған жағдайда бригада бірден дефибрилляторға ауыса алады.

Қазақстанның 14 өңірі «Astana Motors» компаниясынан «Hyundai H350 Ambulance» реанимобильдерін «Қазақстанның даму банкі – лизинг» арқылы жеңілдікті шарттармен жаңартты. Санитарлық көлікті озық жабдықтармен қайта жарақтандыру дәрігерлердің мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертеді және отандық медицинаны пациенттерге шұғыл көмек көрсетудің жаңа деңгейіне шығарады.

Хабар 24 телеарнасы